
ШҚО полицейлері ащы су ұрттап алған кезекті жүргізушіні ұстады
Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде түнгі уақытта Глубокое ауданының жергілікті полиция қызметінің инспекторлары Перевальное ауылы мен Алтай кенті арасындағы тасжолды патрульдеу кезінде Алтай кентінің 50 жастағы тұрғынының басқаруымен «Volkswagen Toureg» автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында одан алкогольдік иісі шығып тұрған.
Медициналық куәландыру актісіне сәйкес жүргізушіде алкогольдік масаңдықтың орташа деңгейі анықталды. Құжаттарды тексеру кезінде 26.08.2019 жылы ер адамның 2022 жылға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі