
Бақылау бекеті арқылы марихуана өткізбек болған азаматты қызметтік ит ұстады
Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде сағат 17.00 шамасында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Шемонаиха қ. «Рубеж» стационарлық бақылау бекетінде полиция қызметкерлері Шемонаиха қ. 58 жастағы тұрғынының басқаруымен «Тойота» автокөлігін тоқтатқан. Қызметтік-іздестіру итінің көмегімен осы автомобильдің салонын тексеру кезінде 43 жастағы жолаушы, Өскемен қаласының тұрғынының спорттық жейдесінің қалтасына белсенді белгі берген.
Тексеру барысында оң қалтасынан өсімдік тектес заты бар, өзіне тән иісі бар қоңыр-жасыл түсті түйіншек табылып, тәркіленді.
Сарапшының қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 3,41 грамм «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып табылады.
Өскемен қаласының 43 жастағы тұрғыны бұл затты Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кентінің «Уба» өзенінің жағасынан өзі пайдалану үшін жұлып алғанын түсіндірді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі