Автокөліктің мемлекеттік нөмірі жоғалған жағдайда, не істеу керек және қайда бару керек?

Автокөліктің мемлекеттік нөмірі жоғалған жағдайда, не істеу керек және қайда бару керек?

Автокөліктің мемлекеттік нөмірі жоғалған жағдайда, не істеу керек және қайда бару керек?

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі-мемлекеттің меншігі болып табылатын және механикалық көлік құралына берілетін және ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес дайындалған жеке әріптік-цифрлық белгісі бар бұйым.

Мемлекеттік нөмірдің жоғалу оқиғалары жиі кездеседі, оның тұрақты жерде әлсіз бекітілуінің салдарынан немесе ауа-райының әртүрлі құбылыстары қатты жел, жаңбырға және басқа да факторларға байланысты болады немесе бұзақылар оны алып тастай алады.

Мемлекеттік нөмірді қалпына келтіру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға барып, тиісті өтінім беру қажет.

Жаңа нөмірлерді дайындау үшін 2,8 АЕК - 8168 теңге мөлшерінде, егер бір нөмірді қалпына келтіру қажет болса, онда 1,4 АЕК мөлшерінде - 4084 теңге мемлекеттік баж төлеу қажет.

«Көлік құралы үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары үшін 5 жұмыс күнін, облыстар мен Шымкент қаласы үшін 15 жұмыс күнін құрайды.

Сондай-ақ, мемлекеттік нөмірдің жоғалғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған.

Құрметті автокөлік иелері, ШҚО Полиция департаменті мемлекеттік нөмірлердің жоғалуын болдырмау үшін оларды автомобильдің штаттық орнында бекітуді ұсынады, мемлекеттік нөмірлерді бұрандалармен немесе пластикалық хомуттармен бекітуге қосымша рұқсат етіледі, бұл ретте мемлекеттік нөмірдің сандық және әріптік белгілеуіне қосымша бекіткіш элементтерді орнатуға жол берілмейді.

                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі