
Өскеменде интернет-дүкеннің есірткі тасмалдаушысы ұсталды
Өскемен қаласында тәртіп сақшылары психотроптық заттарды қазіргі уақыттағы ең танымал мессенджерлердің бірі арқылы жасырын қойып кету арқылы жеткізумен айналысатын интернет дүкеннің тасымалдаушыны ұстады. Күдікті бұрын сотталған, жалдамалы пәтерде тұратын Павлодар облысының 27 жастағы тұрғыны болып шықты.
Тәртіп сақшылары күдіктінің жалдамалы пәтеріне дереу жеке тінту жүргізіп, нәтижесінде құрамында ұнтақ бар түрлі түсті изалентамен оралған 45 полимерлі түйіншек зат, ноутбук және электронды таразы табылып тәркіленді.
Қорытынды актісіне сәйкес анықталған зат салмағы 38,11 грамды құрайтын "Альфа-PVP" психотроптық заты болып шықты. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу). Ер адам 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ШҚО ПД баспасөз қызметі