Қаруды заңды сатып алу, сақтау және алып жүру туралы

Қаруды заңды сатып алу, сақтау және алып жүру туралы

Қаруды заңды сатып алу, сақтау және алып жүру туралы

 

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Қазақстан Республикасының «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан қарудың нақты түрін сатып алуға рұқсат алғаннан кейін 18 жасқа толғанда азаматтық қаруды сатып алуға құқығы бар екенін түсіндіреді.

«Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат беру «Мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары» Қазақстан Республикасының стандартына сәйкес «электрондық үкімет» порталы арқылы ғана жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін-жеке немесе заңды тұлға портал арқылы "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесін жібереді.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, Сізге қызмет көрсетуден бас тартылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

Белгі беретін қару, механикалық шашыратқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттармен жарақталған аэрозольдік және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-ден аспайтын және калибрі 4,5 мм-ге дейін қоса алғанда пневматикалық қару, қаруға конструкциялық жағынан ұқсас бұйымдар он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының оларды заңды тұлғаға ұсынғаннан кейін рұқсат алмай, беруші заңды тұлғалардан сатып алуға құқығы бар - соттылығының, қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдерінің жоқтығы туралы және қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру жөніндегі анықтамаларды тапсырады.

Тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы атыс қаруын аңшы куәлігі болмай, тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша алып жүру құқығынсыз өзін-өзі қорғау мақсатында сатып алуға құқығы бар.

Меншігінде кемінде үш жыл бойы тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы аңшылық атыс қаруы бар, белгіленген тәртіппен аң аулауға құқық берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын сатып алуға құқығы бар.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі