Әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстауға арналған арнайы қабылдау орындары

Әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстауға арналған арнайы қабылдау орындары

Әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстауға арналған арнайы қабылдау орындары

 

ШҚО Полиция департаменті құрылымында облыс орталығында және біздің облыстың басқа қалаларында орналасқан әкімшілік тәртіппен қамауға алынған адамдарға арналған 130-дан астам орынды толтыру лимиті бар 4 арнайы қабылдау орны жұмыс істейді.

Полиция қызметкерлері ағымдағы жыл басынан бастап әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қамауға алуды көздейтін соттардың 3 900-ден астам қаулысын орындады, олардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы бойынша алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы - 987 адам, 10 тәуліктен 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу мерзімімен, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер және ұсақ бұзақылықты құрады.

Құқық бұзушылықтың негізгі себебі, көлік құралын жүргізу кезінде де, қоғамдық орындарда да, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында да алкогольдік ішімдіктерді пайдалану болып табылады.

Құрметті облыстық орталық және облыс азаматтары Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті біздің өңір тұрғындарының өмірі мен денсаулығы, сондай-ақ туыстарыңыздың, жақындарыңыз бен балаларыңыздың тыныштығы мен қуанышы Сіздің азаматтық жауапкершілігіңізге байланысты екенін ескертеді.

Бір-біріңізге құрмет көрсетіп, қолданыстағы заңнаманы бұзбаңыз, жол ережелерін, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтаңыз, отбасындағы жанжалдарға жол бермеңіз.

Сізді үйде күтіп жүрген туыстарыңыз бен жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі