
ШҚО-да алаяқ цифрлық техниканы иемденді
Ағымдағы жылдың 20 маусымында Өскемен қаласының полиция басқармасының "102" жедел арнасына 43 жастағы қала тұрғыны жүгінді, ол 2021 жылдың маусым айының басында белгісіз ер адам сандық техниканы сатуға көмек сылтауымен оның "Lenovo" ноутбугін және "Laser Jet"лазерлік принтерін иемденгенін хабарлады. Осылайша, қаскүнем жалпы сомасы 160 000 теңгеге материалдық залал келтірген.
Жедел-тергеу тобы анықтағандай, ағымдағы жылдың маусым айының басында әлеуметтік желілерде жәбірленуші өз үйіндегі еденді жабу үшін еден тақталарын сатып алу туралы хабарландыру жариялаған. Кейін оған белгісіз абоненттік нөмірден бір ер адам қоңырау шалып, еден тақталарын арзан бағамен бере алатынын айтты. Бірнеше күннен кейін ер адам коттеджге еденнің ауданын өлшеу үшін келді. Келесі күні алаяқ жұмыс үшін алдын-ала төлем сұрайды, бірақ сол кезде жәбірленушінің қолында ақша болмағандықтан ол сандық техниканы сататынын және содан түсқан қаражатпен төлемді төлейтінін айтқан. Ер адам жәбірленушіден досына сату сылтауымен оның сандық техникасын беруді ұсынды. Әйел оған өз мүлікін ойланбастан береді. Осыдан кейін жәбірленуші ер адамды да, техниканы да көрмеді.
Тексеріс барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталған 35 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, полиция басқармасына жеткізді. Ол тергеу барысында өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі