
«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында 6 000-нан астам бұзушылық анықталды
Шығыс Қазақстан облысында "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды.
5 күн ішінде 105 қылмыс ашылды, оның ішінде 55-і бұрын жасалған қылмыстар. Сонымен қатар, іздеуде жүрген 6 қылмыскер ұсталды.
Облыс бойынша жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 6 000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұның ішінде: 837 ұсақ бұзақылық, 1328 ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде болу фактілері. 1130 адам тіркеусіз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін жауапқа тартылды, есепте тұрған 5,5 мыңнан астам адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді.
Операция барысында заңсыз айналымнан 18 қару тәркіленді. Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде криминалдық полиция қызметкерлері Өскемен қаласының көшелердің бірінде 41 жастағы ер адамды ұстады. Оның саяжай үйін тінту барысында баспалдақтың астынан пакетте салынған "Победа" травматикалық тапаншасы табылып, тәркіленді. Маманның актісіне сәйкес, тәркіленген тапанша газ және шу патрондарымен ату мүмкіндігі бар 9 мм калибрлі "Победа" газ тапаншасы болып табылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.
Сонымен қатар, мас күйінде көлік жүргізгені үшін 61 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік және есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын жүргізуінің 15 фактісі анықталды. Айта кетсек, ағымдағы жылдың 21 шілдесінде кешкі уақытта патрульдік полиция инспекторлары Өскемен қаласында 32 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы "Subaru" автокөлігін тоқтатты. Ер адам 2023 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан мас күйінде көлік жүргізген. Көлік арнайы тұраққа қойылды. ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу әркеттері басталды.
Тәртіп сақшыларымен есірткі заттарды сақтаудың 9 фактісі анықталып, 1,3 кг-нан астам есірткі тәркіленді. Мысалы, ағымдағы жылдың 23 шілдесінде криминалдық полиция қызметкерлері аталған іс-шара барысында Семей қаласының 56 жастағы тұрғынын ұстады. Оның тұрғылықты жері бойынша кідіріссіз тінту барысында қора ішіндегі үстел үстінде сары-қоңыр түсті сұйық зат түріндегі бір реттік шприц табылды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, зат жалпы салмағы 0,0808 грамм болатын "экстракциялық апиын" есірткі болып табылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу әректеттері жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі