Глубокое ауданының полиция қызметкерлері "ізін суытпай" 4 велосипед ұрлығын ашты

Глубокое ауданының полиция қызметкерлері "ізін суытпай" 4 велосипед ұрлығын ашты

Глубокое ауданының полиция қызметкерлері "ізін суытпай" 4 велосипед ұрлығын ашты

Бірнеше ұрлықты ашу үшін Глубокое аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне бірнеше сағат ғана қажет болды.

2021 жылғы 20 маусымда кешкі уақытта 4 сағат ішінде Глубокое аудандық полиция бөлімінің 102 жедел арнасына жергілікті тұрғындардан 4 өтініш келіп түсті. Өтініште олар тәртіп сақшыларына үйлерінің кіреберістерінен велосипедтердің ұрланғаны туралы хабарлаған еді.

Аудан көшелерін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген жасөспірімдер тобын анықтады. Мән-жайларды анықтау барысында олардың біреуі жасалған ұрлықтарға қатысы бар екені белгілі болды.

Күдікті велосипедті жай мінгісі келгенін мойындады. Ер баланың айтуынша, бірінші велосипед сынған кезде, ол ойын-сауықты жалғастыру үшін екіншісін, содан кейін үшінші және төртінші велосипедті алуға шешім қабылдаған екен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі