
ШҚО полицейлері жергілікті тұрғыннан тапанша тәркіледі
Ағымдағы жылдың 18 маусымында Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ-не 26 жастағы жергілікті тұрғынның заңсыз тапаншасы бар екендігі және оны өзімен бірге ұстайтыны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Бұл дерекке дереу әрекет еткен тәртіп сақшылары жедел іс-шаралар барысында күдіктінің танысынан тыйым салынған затты және 2 оқ-дәрі тәркіледі.
Маманның қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат атыс қаруы болып табылды. Атап айтқанда ол 10 мм калибрлі травматикалық оқ-дәрі, 9 мм калибрлі газ және шуыл оқ-дәрілерімен ату үшін жарамды 10*22 мм калибрлі "Grand Power" газ-травматикалық тапаншасы екен.
- Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287 - бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Осы баптың санкциясы 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - деді Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.
Полиция тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі