
Жол ережелерін сақтамайтын жүргізушілер дрон көмегімен анықталады
Құрметті жол қозғалысына қатысушылар!
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны ескертеді, 14-ші шілдеден бастап 21-ші шілде аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Жол – көлік оқиғаларын болдырмау, сондай-ақ қала сыртындағы тас жолдарда жол жүрісі ережелерінің барлық талаптарын сақтау үшін полиция тарапынан профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады. Әсіресе жол-көлік оқиғалары өте жиі орын алатын апатты учаскелерде, апаттылықтың алдын алу үшін батальон қызметкерлері арнайы квадрокоптердің көмегімен жол ережелерін сақтамайтын жүргізушілерді анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартатын болады.
ШҚО ПД барлық көлік жүргізушілерін жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға шақырады!
ШҚО ПД баспасөз қызметі