
Қызметі мен отбасын қатар алып жүрген ару
Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен 2021 жылы мамыр айында республикалық деңгейде "Қазақтың Үлгілі келіні- 2021" атты онлайн сайыс өткізді. Іс-шараның мақсаты – жанұя арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты келіннің орнының ерекше екендігін, отбасының ұйтқысы екендігін түсіндіру.
Түздегі жұмыс пен үй шаруасын қатар алып жүрген ардақты ана, әрі әдемі аруларымыз үшін бұл сынақ қиынға соқпады.
Аталған сайысқа ШҚО ПД Семей қ.ПБ әкімшілік полиция бөлімі әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің инспекторы полиция сержанты Аблакашева Сандуғаш та ат-салыса қатысып, жүлделі екінші орынды иеленді.
Тәртіп сақшысы Сандугаш сайыстың 5 бөлімінен де сүрінбей өтіп (таныстыру, қамыр илеу, дастарханды безендіру, жарымен өнер көрсету және сән үлгісін көрсету) , өзін жұмыста білікті маман ғана емес, үйде үлгілі келін, аяулы жар екендігін дәлелдей білді.
Республикалық деңгейде ұйымдастырылып отырған сайыстан орын қанжылаған полиция қызметкерін барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, ШҚО ПД бастығының орынбасары Ринат Унарбеков құттықтап, жүлдегерге ПД бастығының грамотасын және «Ақтөбе облыстық жастар мен балалар қауымдастығы» ЗТБ-нің төрағасы Ж.Табылғановтың атынан грамота мен алғыс хатын салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар, жас қызметкердің еңбегіне табыс, отбасына амандық тілей отырып, бағалы сыйлықтар сыйлады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі