Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу

Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу

Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу

Шығыс Қазақстан облысы аумағында апаттылықтың өсуін тежеу үшін ШҚО ПД ЖПҚБ және республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарға қызмет көрсететін патрульдік полицияның саптық бөлімшелерінің қызметкерлері кешенді профилактикалық жұмыс жүргізуде. Ол көлік құралдары тоқтаған кезде жол қозғалысына қатысушылармен әңгімелесу, жолда қауіпті учаскелердің болуы туралы ескерту, жол-көлік оқиғалары мен олардың салдарларын болдырмау тәсілдері және жол-көлік оқиғасы мен дене жарақатының ауырлығына әсер ететін жол жүрісі қағидаларының кеңінен таралған бұзушылықтарын түсіндіру сияқты алдын алу шараларын қамтиды.

Әңгімелесуден кейін көлік құралдарының жүргізушілеріне жолда танысу үшін профилактикалық ақпараты бар жадынамалар беріледі.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі