Қаруды өз еркімен тапсыру

Қаруды өз еркімен тапсыру

Қаруды өз еркімен тапсыру

 

2014 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасының аумағында Үкімет қаулысының негізінде халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу акциясы өткізіледі. Ағымдағы жылы облыс тұрғындарынан 159 бірлік тіркелмеген қару қабылданды, төлем ақшасы 10 миллион теңгені құрады.

Мұндай акциялар барысында облыс тұрғындарынан тарихи және мәдени құндылығы бар қару-жарақ қабылданады, мысалы, Тула қару-жарақ зауытында шығарылған шебер Н.Кураковтың 1889 жылғы үлгідегі тегіс ұңғылы шомполь мылтығы және Америка Құрама Штаттарының армиясы қызметінде болған 1900 жылы шығарылған Браунинг-Патент маркалы тапанша.

Полиция департаменті кез келген азаматтың ішкі істер органдарының бөлімшесіне жүгініп, тіркелмеген қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсыра алатынын түсіндіреді, бұл ретте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес ол әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Осы бағыттағы жұмыс өтеусіз негізде жалғасуда, оның барысында 3 бірлік қару ерікті түрде қабылданды.

                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі