
Қару иелері демалыс және іссапар кезеңінде қаруды ішкі істер органдарына уақытша сақтауға өткізгені жөн
Құрметті азаматтық қару иелері, Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тіркелген қаруды сақтау қатаң түрде қару иесінің тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылатынын еске салады.
Қаланың әкімшілік аумағындағы қалалар мен кенттерде қару иесінің тұрақты тұратын жері тұрақты электр желісінен және қосалқы электр қоректендіру көзінен қорғаудың сертификатталған жүйесімен жабдықталады.
Қазіргі уақытта демалыс кезеңінің басталуымен қаруды сақтау орындарынан белгілі бір уақытқа кету үрдісі байқалады, осыған байланысты полиция департаменті қаруды аумақтық ішкі істер органына уақытша сақтауға тапсыруға болатындығын түсіндіреді, ал қаруды тапсыру рәсімі өте қарапайым. Ол үшін белгіленген үлгідегі өтінішті толтыру, оның сақталу мерзімін көрсету қажет, содан кейін сіздің қатысуыңызда полиция қызметкері қаруды қарап-тексеруді жүргізеді, содан кейін қаруыңыз қапқа салынып, мөрленіп, сақтау камерасына өткізіледі. Сақтау шектеусіз мерзімге тегін негізде жүргізіледі. Осыдан кейін, ыңғайлы кез келген жұмыс уақытында, тиісінше, қайта толтырылған өтініш бойынша қару иесіне қайтарылады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі