«Жаяу жүргіншілер өтпесі» ЖПІШ

«Жаяу жүргіншілер өтпесі» ЖПІШ

«Жаяу жүргіншілер өтпесі» ЖПІШ

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылдың 1-3 шілдесі аралығында «Жаяу жүргіншілер өтпесі» профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Аталған ЖПІШ аясында жол жүрісі қағидаларының өресел бұзушылықтарының жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізіледі, оның ішінде жаяу жүргіншілер өтпесінен өтуге, сондай-ақ басып озу, маневр жасау, қауіпсіздік белдігін және балаларды ұстауға арналған құрылғыларды пайдалану қағидаларын, жылдамдық режимін бұзушылықтарға ерекше назар аударылатын болады.

Анықтама түрінде: 2021 жылдың 6 айында облыс жолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 115 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 10 адам қаза тауып, 109 адам әртүрлі жарақаттар алды.

Жылдың басынан 120 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде

- жаяу жүргіншілер өтпесінен өту– 5017 бұзушылық,

- масаң күйде КҚ басқару– 885 бұзушылық,

- телефон пайдалану– 8075 бұзушылық,

- қарсы қозғалыс жолағына шығып кету - 614 бұзушылық,

- Жаяу жүргіншілердің ЖЖҚ бұзулары – 19 605 бұзушылық.

Аталған іс-шара апаттылықтың профилактикасына және оны төмендетуге бағытталған.

                                                                                      ШҚО ПД баспасөз қызметі