Шетелде болған кезде Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталса, ол үшін айыппұл бола ма?

Шетелде уақытша жүрген, болып жатқан карантиндік шектеулерге байланысты қабылдаушы елден шыға алмағандықтан жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі өткен кезде оны ауыстыра алмаған Қазақстан Республикасының азаматтары (яғни құжаттың мерзімі шетелде болған кезеңде өткен) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 11-бабында көзделген кінәнің болмау қағидатын ескере отырып, тұлға өзіне қатысты оның кінәсі анықталған құқық бұзушылықтар үшін ғана әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Шекараны кесіп өткеннен кейін 10 күн тізбелік күн ішінде жеке куәлікті қайта рәсімдеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет, өйткені уақытылы жүгінбеген кезде, жарамсыз жеке куәлікпен жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі