Бұзып кіріп, ұрлық жасаған!

Бұзып кіріп, ұрлық жасаған!

Бұзып кіріп, ұрлық жасаған!

Ағымдағы жылдың маусым айының басында Алтай қ. ПБ кезекші бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, 2021 жылдың 20-23 мамыры аралығындағы кезеңде белгісіз біреулер есікті бұзу арқылы оның үйіне кіріп, жатын бөлмесінен құны 270 000 теңге тұратын «Аlser» ноутбугін жасырын түрде ұрлап кеткені туралы жазбаша өтініш жасады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 52 жастағы ер адамды анықтап, жеткізді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                   ШҚО ПД баспасөз қызметі