Бесқарағайлық азамат кәсіпкерді алдаған

Бесқарағайлық азамат кәсіпкерді алдаған

Бесқарағайлық азамат кәсіпкерді алдаған

2021 жылдың 08 маусымында сағат 10-42-де Бесқарағай АПБ-не 65 жастағы әйел, жеке кәсіпкер жүгініп, оған таныс емес ер адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрайды, ол 2021 жылдың ақпан айында алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы, дүкеннен балаларға арналған пластикалық комодын ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция тобының қызметкерлері 35 жастағы ер адамды жеткізді, ол өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену).

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі