Шығысқазақстандық қарыз т-лемеу үшін 2 жылдан астам Ресейде жасырынып жүрген

Шығысқазақстандық қарыз т-лемеу үшін 2 жылдан астам Ресейде жасырынып жүрген

Шығысқазақстандық қарыз т-лемеу үшін 2 жылдан астам Ресейде жасырынып жүрген

 

Борышкер азамат қарызды төлемеу үшін Ресей Федерациясында жасырынып жүрген.

Көші-қон қызметі жұмысының бағыттарының бірі атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді іздестіру болып табылады. Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері қарызды төлемегені үшін сот орындаушыларынан жасырынып, қарыздарын төлемеген 100-ден астам азаматты анықтады. Борышкерлер төлем жасамау үшін тек біздің елде ғана емес, сонымен қатар оның аумағынан тыс жерлерде де жасырынып жүреді.

- Мәселен, 2021 жылғы 18 маусымда Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының 45 жастағы азаматы анықталды. Ол қарызды уақтылы төлемеу үшін көрші мемлекеттің аумағында 2 жылдан астам уақыт бойы тұрған,- деді ШҚО ПД көші - қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Сот орындаушысынан атқарушылық іс жүргізу келіп түскеннен кейін көші-қон қызметінің қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында борышкерді анықтап, қарызды өндіріп алу үшін сот орындаушысына ақпаратты жолдады.

ШҚО ПД көші-қон қызметі борышкер қарызды төлеуден қасақана жалтарған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді (ҚР ӘҚБК 669-бабы). Алимент төлеуші төлем жасаудан жалтарған жағдайда оған қылмыстық (ҚР ҚК 139-бабы) жауапкершілік жүктеледі.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі