
Назар аударыңыз, жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде!
Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысы қатысушыларына Ертіс өзенінің көпірінен Жібек Жолы көшесінің қиылысына дейінгі учаскідегі Сәтпаев даңғылын жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстар Өскемен қаласы әкімдігінің мердігерлік жол-құрылыс ұйымдарымен жалғасып жатқандығын хабарлайды.
Жөндеу учаскісінде жол жүру тәртібін айқындайтын ескерту жол белгілері орнатылды, патрульдік полиция қызметкерлерінің қозғалысын реттеу бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Бұл жұмыстарды ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін орындау жоспарланған.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз!
ШҚО ПД баспасөз қызметі