ШҚО тұрғыны марқұм досынан қалған шолақ мылтығын заңсыз сақтаған
Ағымдағы жылдың маусым айының басында Өскемен қ. ПБ полиция қызметкерлері облыс орталығының 39 жастағы тұрғынынан бақша қоғамдарының бірінде тінту іс-шараларын жүргізу барысында заңсыз сақталған қаруды тәркіледі.
- Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат бұл атыс қаруы, атап айтқанда бір ұңғылы, тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтың кесіндісі. Мылтық- 12 калибрлі патрондарымен атуға арналған тегіс ұңғылы аңшылық қару және Ижевск механикалық зауытында шығарылғаны белгілі болды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Белгілі болғандай, аталған қару ағымдағы жылдың мамыр айында қайтыс болған марқұм досына тиесілі болған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі