
"Борышкер" ЖААШ: борышкер болмай айыппұл төлеңіз
Ағымдағы жылдың 21 маусымында Шығыс Қазақстан облысының аумағында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды , ол 23 маусымға дейін жалғасады.
Акцияның мақсаты "нөлдік төзімділік" қағидатын, жол берілген бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру болып табылады. Аталған жедел алдын алу іс – шараларының міндеті-салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар және мәжбүрлеп өндіру қозғалған тұлғаларды толық қамтуды қамтамасыз ету.
Осы іс-шара шеңберінде жолдарда прокуратура, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, борышкерлерді анықтау бойынша рейдтер жүргізілетін болады.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 811-бабының (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі) талаптарына сәйкес, азаматтардың әкімшілік хаттама толтырылған сәттен бастап 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50% - ын қысқартылған іс жүргізу тәртібімен төлеуге құқығы бар екенін хабарлайды. Бұл құқық пайдаланылмаған жағдайда, толық соманы ерікті түрде, бірақ отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге мүмкіндігі бар.
Өзге жағдайда, айыппұл салу туралы қаулы атқарушылық тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жіберіледі.
Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті алдағы уақытта әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылмау үшін, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ұсынады.
Үш күн ішінде 17 млн. теңгеден астам сомаға 1460 қаулы өндіріліп алынды, соммасы 15 млн.теңгеге жуық 1171 қаулы мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберілді, ал мамандандырылған тұраққа қаулыларды орындамағаны үшін 137 автокөлік қамалды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі