
«Түнгі қаладағы балалар» ЖПІШ-ның 17.06.2021 жылға қорытындысы туралы Пресс-релиз(а.ж. 17-нен 20 маусым)
А.ж. 17-сі мен 20-шы маусым аралығында облыс аумағында балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
«Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасының бірінші күнінде 119 рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылып, оның щеңберінде 1 132 объектілер зерттелді. Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде 99 кәмелетке толмаған анықталып, 119 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:
- кәмелетке толмағанға алкоголь өнімін өткізу (ӘҚБтК 200-б ) -3
- кәмелетке толмағанға темекіні және темекі бұйымдарын, сату бойынша (ӘҚБтК 133-б ) – 2.
Сонымен, Өскемен қаласының шағын маркеттерінің бірінде сағат 23.00 кейін заңды өкілінсіз еріп жүрген 16 жастағы кәмелетке толмаған ұсталды. Аталған факті бойынша шешесіне қатысты ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-тармағы (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) әкімшілік хаттама толтырылды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі