
Ағымдағы жылдың 7-16 маусым аралығында бүкіл Қазақстан бойынша "Мигрант" республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде
ЖПІШ-ның 9 күні ішінде ШҚО - да көші – қон заңнамасын бұзғаны үшін 1000-нан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде полиция органына оларға шетелдіктердің келгендігі туралы уақытылы хабарлама ұсынбаған үшін Қазақстан Республикасының 339 азаматы, уәкілетті органның рұқсатынсыз шетел азаматының еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 43 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 40-тан астам шетел азаматы соттың шешімімен елден тысқары шығарылды.
- Жедел профилактикалық іс-шарасы барысында ағымдағы жылдың 14 маусымында тәртіп сақшылары Зайсан қаласында жеке үйдің құрлысын рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Өзбекстан Республикасының 2 азаматын анықтады.
Аталған бұзушылық үшін азаматтар сот шешімімен елден тысқары шығарылды. Жұмыс беруші 30 айлық есеп көрсеткіш көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары, Полиция департаментінің көші-қон қызметі шетелдік азаматтардың көші-қон заңнамасын сақтау және құқықтық статусын реттеу керектігін ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі