Ащы суды ұрттап, рөлге отырған

Ащы суды ұрттап, рөлге отырған

Ащы суды ұрттап, рөлге отырған

Ағымдағы жылдың 7 маусымында сағат 15:40 шамасында Көкпекті ауданы ауыл арасы жолдарының бірінде жол-көлік оқиғасы орын алды.

УАЗ автомобилінің 58 жастағы жүргізушісі алкогольдік масаң күйде бола тұра, қауіпсіз жылдамдықты таңдамай, рульді басқара алмай қарсы жолаққа шығып кетіп, ВАЗ автомобилімен соқтығысқан.

- Жол-көлік апаты салдарында алған дене жарақатынан ВАЗ автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. УАЗ автокөлігінің жүргізушісі кеуде омыртқасы сынып, аудандық ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-1 бабы 3-бөлігі - Көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаратын тұлғалардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Автомобиль көлігі адамдарға қол жетімді барлық көлік құралдарының ішіндегі ең қауіптісі болып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек жол-көлік оқиғалары қайтыс болғандар мен жарақат алғандар саны бойынша бірінші орында тұр.

Жол-көлік оқиғаларының жалпы төмендеуіне қарамастан, жол-көлік оқиғаларының себептері жылдан-жылға өзгермейді және бұрынғыдай жол-көлік оқиғаларының көп бөлігі жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілердің кінәсінен болып отыр. Олардың басым себептері жылдамдықты арттыру көлік құралын басқару кезінде қарсы жолаққа шығу кезінде телефон немесе радио, маневр жасау қағидаларын бұзу, жол жүрісінің басқа қатысушыларына басымдық бермеу болып табылады.

Жол-көлік оқиғаларына жол бермеу, жақындарыңызбен туғандарыңыздың өмірін сақтау мақсатында, ШҚО Полиция департаменті жүргізушілерге Жол жүрісі қағидаларын сақтауға және алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік құралын басқармауға кеңес береді.

                                                                                        ШҚО ПД баспасөз-қызметі