Мұраға қалған үйдегі «тосын сый»

Мұраға қалған үйдегі «тосын сый»

Мұраға қалған үйдегі «тосын сый»

2014 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасының аумағында Үкімет қаулысының негізінде халықтан заңсыз сақталғана тыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу акциясы өткізіледі. Ағымдағы жылы аталған жұмыс 01 сәуірден басталды.

Осы акция шеңберінде заңсыз сақталған қару немесе оқ-дәрілері бар кез-келген азамат ішкі істер органдарының бөлімшесіне жүгініп, оларды тапсыра алады, бұл ретте ақшалай сыйақы ала алады.

Мәселен, мамыр айының басында Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны «102» жедел арнасына хабарласқан. Ол мұраға қалған саяжай үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында мылтыққа ұқсас зат тауып алған. Үй иесі қару полиция қызметкерлеріне тауып алған жерін өз еркімен көрсеткен.

Табылған қаруға тиісті сараптамалар жүргізілгеннен кейін, әйелге ақшалай төлемдер беріледі.

- Акция басталғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін жалпы сомасы 9 миллион теңгеден асатын 159 бірлік тіркелмеген қару қабылданды. Түрі мен санатына байланысты қарудың бір бірлігі үшін төлем сомасы 10-нан 50 АЕК-ке дейін, ал ақшаға шаққанда 29 000-нан 145 мың теңгеге дейін құрайды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік жауапкершіліктен де, қылмыстық жауапкершіліктен де босатылады.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі