Жүргізуші, дөңгелектеріңізді тексердіңіз бе?!

Жүргізуші, дөңгелектеріңізді тексердіңіз бе?!

Жүргізуші, дөңгелектеріңізді тексердіңіз бе?!

Әкімшілік полиция басқармасы, жүргізушілерге жаз айларында көлік құралдарында сырғанауға қарсы шиналарды пайдалануға тыйым салынғанын еске салады.

Маусым мен тамыз аралығында жазда шипті дөңгелектерді пайдалануға Кеден одағының «Дөңгелек көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентімен және Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларымен тыйым салынады.

Тас жол жамылғысында шипі бар көлікті жүргізу өте қауіпті, өйткені кенеттен тежеу кезінде олар жабынның бетіне жабыспай, сырғып кетеді, бұл автокөліктердің тежеу жолын едәуір арттырады, және жол көлік оқиғаларына себеп болады.

Осындай шиналары бар авокөліктерді пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590 – бабының, 5-бөлігі бойынша салынатын айыппұл сомасы-5 АЕК әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Жүргізушілер көлік құралдарының техникалық жағдайына және резеңке жағдайына мұқият қарау керек.

Жарамды автокөлік- жол қозғалысы қауіпсіздігінің кепілі!

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі