«Мигрант» ЖААШ: ШҚО полицейлері іздестіруде жүрген 6 қылмыскерді ұстады

«Мигрант» ЖААШ: ШҚО полицейлері іздестіруде жүрген 6 қылмыскерді ұстады

«Мигрант» ЖААШ: ШҚО полицейлері іздестіруде жүрген 6 қылмыскерді ұстады

«Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1009 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- 2021 жылдың 7-16 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезенінде Шемонаиха ПБ-нің көші-қон қызметкерлерімен құжаттарды тексеру кезінде азаматшадан Ресей Федерация азаматшасының төлқұжаты бола тұра Қазақстан Республикасы аумағына кірген кезде Қазақстан Республикасы азаматшасының құжатын пайдаланғандығы анықталды. ҚР ӘҚБтК 496 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып 100 АЕК көлемінде айыппұл салынған және сот шешімінен Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылған,- деді ШҚО Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Шетел азаматтары келгені туралы полиция органдарына уақытылы хабарламағаны үшін Қазақстан Республикасынын 339 азаматы жауапкершілікке тартылды.

Уәкілетті органның рұқсатынсыз шетел азаматтың еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 43 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

43 - шетел азаматы соттың шешімімен елден тысқары шығарылды.

Криминалды полиция қызметкерлері іздестіруде жүрген 6 қылмыскерлер ұстады.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі