
ШҚО полицейлері револьвер, тапанша-қалам мен оқ-дәрілер тәркіледі
ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 17 мамырынан бастап бүкіл республика аумағында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, оның негізгі міндеттері заңсыз айналымнан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді алу болып табылады.
Ағымдағы жылдың 11 маусымында ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдеріне үйінде атыс қаруын сақтайды деген ер адамға қатысты жедел ақпарат келіп түсті.
Оның тұрғылықты жерін тінту барысында, 26 жастағы жергілікті тұрғыннан оқ-дәрілермен жабдықталған револьвер, сондай-ақ автоқалам ретінде жасырылған қолдан жасалған атыс қаруы тәркіленді.
Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша қолдан жасалған қалам- 5,6 мм калибрлі бір оқтаулы тапанша екені анықталды, револьвер 9 мм калибрлі газ патрондарымен атуға жарамды болып шықты.
Шығыс Қазақстан облысы Департаментінің бастығы Сағат Мадиев атап өткендей: «Аталған азамат бұрын сотталған, қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Тергеу органы одан тыйым салынған заттарды табуға байланысты барлық мән-жайларды анықтайды».
Жедел-алдын алу іс-шарасы басталғанннан бері, 28 күн ішінде ШҚО полицейлері заңсыз айналымнан 58-ден астам атыс қаруын, оның ішінде түрлі модификациялы және калибрлі шолақ мылтық, тапаншалар мен ойық мылтықтар алынды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі