Глубокое ауданында ауладағы байлаулы бөтен итті жетектеп кеткен

Глубокое ауданында ауладағы байлаулы бөтен итті жетектеп кеткен

Глубокое ауданында ауладағы байлаулы бөтен итті жетектеп кеткен

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Глубокое ауданы кезекші бөлімінің «102» жедел арнасына 53 жастағы жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті. Ол кешкі уақытта оның аулада байлаулы тұрған қара түсті итін ұрлап кеткенін хабарлаған. Осылайша, оған айтарлықтай материалдық залал келтірді.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                        ШҚО ПД баспасөз қызметі