
«Мигрант» ЖААШ: ҚР 114 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
«Мигрант» жедел алдын алу шарасын өткізудің 2 күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 198 шетелдіктер (ҚР ӘҚБтК 517 бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 12 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылды.
Қазақстан Республикасының 114 азаматы өздерінде көшіп келушілердің болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетел азаматының уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүргені үшін 15 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- 8 маусымда шетелдікті заңсыз еңбек күшіне тарту фактісі анықталды. Үржар ауданында жеке тұлға Өзбекстан Республикасының 5 азаматы өзінің жеке үйінің құрылысына тиісті рұқсат алмай жұмыс істеген.
Көрсетілген құқық бұзушылық бойынша мемлекет кірісіне 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, ал шетелдіктер 3 күнге арнайы қабылдап-тарату мекемесіне орналастырылды,- деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.
Аталған алдын алу шарасын өткізу үшін облыс бойынша 424 қызметкер жұмылдырылды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі