ШҚО-да ер адам демалыс базасынан бөтен автокөлікті теуіп кеткен

ШҚО-да ер адам демалыс базасынан бөтен автокөлікті теуіп кеткен

ШҚО-да ер адам демалыс базасынан бөтен автокөлікті теуіп кеткен

Ағымдағы жылдың 30 мамырында Алтай АПБ-нің «102» жедел арнасына Өскемен қаласының 57 жастағы тұрғынынан белгісіз тұлғалар 29-30 мамыр аралығында Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан демалыс орнындағы үйдің жанында тұрған «Mitsubishi» автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Шығын көлемі 7 000 000 теңгені құрады.

Аталған қылмысты «ізін суытпай» ашу үшін қызметкерлер бірқатар жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, Өскемен қаласына кіре берісте тәртіп сақшылары ұрланған көлікті тоқтатты, оның рульінде 36 жастағы күдікті отырған.

Қазіргі уақытта автокөлік иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                      ШҚО ПД баспасөз қызметі