ШҚО полицейлері қаскүнемді саусақ ізімен анықтады

ШҚО полицейлері қаскүнемді саусақ ізімен анықтады

ШҚО полицейлері қаскүнемді саусақ ізімен анықтады

Ағымдағы жылдың 17 мамырында сағат 08.00 шамасында Шемонаиха АІІБ «102» жедел арнасына 60 жастағы қала тұрғыны хабарласып, 2021 жылдың 16 мамыры сағат 22.30-дан 17 мамырдың сағат 07.50-ге дейінгі уақыт кезеңінде белгісіз тұлғалар кілтті таңдау және екінші есікті бұзу арқылы Шемонаиха қ.орналасқан өзіне тиесілі дүкенге кіріп, 390 400 теңге сомасындағы ақша қаражатын және бейнетіркегішті жасырын ұрлап кеткенін айтып, арызданған.

Оқиға орнында сарапшы – криминалист қол іздерін тауып, дәлелдемелер жинаған. Полиция қызметкерлері алынған қол іздерін егжей-тегжейлі зерделеп, оларды полициядағы арнайы деректер базасы бойынша тексере бастады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары қылмыс орнында табылған іздер осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын сотталған Шемонаиха қаласының 18 жастағы тұрғынының дактилоскопиялық картасымен сәйкес келетінін анықтады.

Күдіктінің жеке басы анықталғаннан кейін жедел уәкілдер оны дереу қолға түсірген. Тексеру барысында тәртіп сақшылары осы қылмысқа бару себебі, қаскөйдің жақында сатып алған көлігіне жөндеу жасау үшін ақшалай қаражат қажет болғандығын анықтады. Осылайша, жас жігіт дәл осы дүкенге екінші рет ұрлыққа түскен.

Ойындағы жоспарын жүзеге асыра отырып, мол қаражаттың қайдан келгенін жақындарына түсіндіре алмайтынын білген ол, заңсыз «олжаны» үйінің ауласына көміп тастаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, мойындау айғақтары бар. Ұрланған ақша ішінара тәркіленді.

                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі