
«Мигрант» ЖААШ: ШҚО-да бір күн ішінде 90-нан астам шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды
«Мигрант» жедел алдын алу шарасын өткізудің алғашқы күнінде 87 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетел азаматтары келгені туралы полиция органдарына уақытылы хабарламағаны үшін ҚР 59 азаматы жауапкершілікке тартылды.
Уәкілетті органның рұқсатынсыз шетел азаматтың еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 6 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
5 - шетел азаматы соттың шешімімен елден тысқары шығарылды.
Семей қаласында жеке басын куәландыратын құжаты болмаған Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталып, жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату мекемесіне орналастырылды.
«Мигрант» ЖААШ ағымдағы жылдың 16 маусымына дейін жалғасады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі