
Шығысқазақстандық полицейлер қоғамдық көліктердің техникалық қауіпсіздігін тексеруде
Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылғы 07-11 маусым аралығында «Автобус» профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Осы іс-шара аясында Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жолаушылар көлігінің техникалық жағдайына тексеру жүргізеді.
Өткізілген іс-шараның бірінші күні 220-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде пайдаланылған газдардағы нормалардан асыра пайдаланғаны үшін 27, телефонды пайдаланғаны үшін – 36, техникалық пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін – 8бұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, заңсыз қайта жабдықталған 3 автобусты пайдалануға тыйым салу шаралары қабылданды. Техникалық жарамсыз күйдегі желіге шығарғаны үшін автобус автопарктерінің 3 жауапты лауазымды тұлғасы тартылды.
Аталған іс-шаралар апаттылықтың алдын алуға және төмендетуге бағытталған.
ШҚО ПД баспасөз қызметі