Қоғамдық көлік қозғалысы Шығыс Қазақстан облысының полицейлерінің бақылауында

Қоғамдық көлік қозғалысы Шығыс Қазақстан облысының полицейлерінің бақылауында

Қоғамдық көлік қозғалысы Шығыс Қазақстан облысының полицейлерінің бақылауында

ШҚО-да 7 маусымнан бастап «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы (ЖААШ) басталды.

Тексеру жұмыстары автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік жүргізу мәдениетін арттыруға, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алуға бағытталған.

Аталған іс-шара барысында қалалық автобустардың техникалық жай-күйі, жүргізушілердің тіркеу құжаттарының бар-жоғы тексеріледі, сондай-ақ автобустарды басқару және пайдалану нормативтері мен стандарттарының бұзылу фактілерін анықтау, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтау, жолға шығар алдында жүргізушілер мен автобустарды медициналық және техникалық тексеру, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауы және т. б. бойынша шаралар қабылданады.

ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев атап өткендей:

«Ағымдағы жылдың 5 айында Шығыс Қазақстан облысының аумағында жолаушылар көлігінің қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1 адам қаза тапты, 13 адам түрлі дене жарақаттарын алды».

«Автобус» жедел алдын алу шарасы ағымдағы жылдың 11 маусымына дейін жалғасады.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі