Шемонаиха ауданы ПБ қызметкерлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді тапты

Шемонаиха ауданы ПБ қызметкерлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді тапты

Шемонаиха ауданы ПБ қызметкерлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді тапты

6 сағаттың ішінде тәртіп сақшылары жасөспірімді ата-анасына қайтарды.

2021ж. 02 маусымында Шемонаиха ауданы ПБ кезекші бөлімінің "102" арнасына Шемонаиха қ. 65-жастығы тұрғыны шағымданды, яғни 01.06.2021ж сағ.21.00 шамасында оның кәмелетке толмаған немересі үйден кетіп, оралмаған.

Оқиға орынына АПБ бастығы полиция полковнигі Қ.Т. Синиязовтың басшылығымен жедел тергеу тобы жолданды.

Кәмелетке толмағанды іздестіруге Шемонаиха ауданы ПБ қызметкерлерінің барлық күштері жұмылдырылды, онда кәмелетке толмаған баланың барлық жүретін орындары қаралды, барлық көшелер мен қараусыз қалған үйлер,оның ішінде "Уба" өзенінің жағалауы тексерілді.

Ұйымдастырылған іздеу және жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәмелетке толмағанның жүрген жері анықталды, ол өзінің танысының үйінде қонақта болған. Оның өміріне және денсаулығына қауіп белгілері анықталмаған, әжесіне қайтарылды. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторымен профилактикалық сұхбат жүргізілді.

Жасөспірімнің әжесі Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысын білдірді.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі