Жайдары жаз, қош келдің!

Жайдары жаз, қош келдің!

Жайдары жаз, қош келдің!

Ағымдағы жылдың 31 мамырында, Бесқарағай АПБ ЖПҚБ ювеналды полиция тобының қызметкерлері және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторымен бірлесіп, Бесқарағай ауылының орталық алаңындағы «Абай» саябағында «Балаларды қорғау күніне» балаларға мереке ұйымдастырып, әртүрлі ойындар мен «Жайдары жаз, қош келдің!» атты асфальта сурет салу байқауын ұйымдастырды.

Ойындар мен суреттер байқауына осы уақытта саябақта серуендеп жүрген 25-тен астам бала қатысты. Суреттер байқауының белсенді қатысушыларына және ойын жеңімпаздарына сыйлықтар табысталды.

Ойындар мен суреттер байқауына қуана қатысқан балалар мерекені шаттана өткізіп, сыйлықтарын арқалап мерекелік көңілмен қайтты.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі