
Ықтиярхаты барларға 30 тәулік ішінде 1 рет шекарадан өту талабы әлі де сақталуда ма?
Қазіргі уақытта талап бұрынғыша өзгеріссіз қалды. Қолданыстағы регламентке сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты барлар және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары) 30 тәулік ішінде 1 рет Қазақстанның шекарасынан өте алады.
30 тәулік ішінде 1 рет шекарадан өту шектеуі Қазақстанға көп мәрте кіріп-шығуына Ведомствоаралық комиссияның рұқсатын алған шетелдіктерге және тікелей тұрақты авиарейстерді қайта бастаған елдердің азаматтарына қатысты қолданылмайды.
Қазақстанға тікелей тұрақты авиарейстерді қайта бастаған елдер: Түркия, Белорусь, Украина, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея, Германия, Нидерланды, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы,Тәжікстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Грузия, Египет, Мальдив, Шри-Ланка.
ШҚО ПД баспасөз қызметі