
Өскемен қ. жаяу жүргіншілер өткелінің бірінде диагональды белгілеу қолданылған
Әкімшілік полицияның ұсыныстары бойынша Өскемен қаласында Чехов мен М.Горький көшесінің реттелетін қиылысында бағдаршам объектісінің жұмысы өзгертілді, енді мұнда арнайы бөлінген жаяу жүргіншілер фазасы қарастырылған және қиылыстың қарама – қарсы бұрыштарының арасында (яғни диагональ бойынша) жаяу жүргіншілерге жолды кесіп өтуге мүмкіндік беретін диагональды жол таңбасы қолданылған.
Бұл іс-шаралар жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, жаяу жүргіншілер мен көлік арасындағы қақтығыс жойылды.
Жол қозғалысына қатысушылардың назарын бағдаршамның сары жыпылықтаған сигналы немесе бағдаршам объектілері жұмыс істемеген кезде жаяу жүргіншілердің қиылыстың қарама-қарсы бұрыштары арасында (диагональ бойынша) өтуіне жол берілмейтініне аударамыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі