Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту себептері

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту себептері

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту себептері

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 мамырдағы №572 Жарлығымен "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №198 Жарлығына өзгерістер енгізілді.

Өзгерістер Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру себептерінің тізбесін жаңартуға қатысты болды.

Енді комиссиядағы шешімдер мүшелердің отырысында қабылданады, дауыстар тең бөлінген жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болады.

Шешім төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

Қазақстан азаматтығынан айыруға қатысты тармақтардың тізімі де өзгеріске ұшырады.

Енді ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды келесі жағдайларда тіркейді:

- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамның басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полицияға, әділет органдарына немесе өзге де мемлекеттік билік және басқару органдарына кірген кезде;

- егер ҚР азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде болса;

- ҚР мемлекетаралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша;

- егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда;

- егер адамның ҚР азаматтығын алуына негіз болған ҚР азаматымен некесі сотта жарамсыз деп танылған жағдайда;

- шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан азаматы болып табылатын бала кәмелетке толған кезде оның ерікті шешімі бойынша;

- егер адам шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік немесе террористік әрекеттерге қатысса;

- азаматтығын жоғалтуды Қазақстан елшіліктері республикадан тыс жерлерде тұратын адамдарға қатысты тіркей алады.

                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі