Семей тұрғыны алаяққа жарты миллион теңгеге алданған

Семей тұрғыны алаяққа жарты миллион теңгеге алданған

Семей тұрғыны алаяққа жарты миллион теңгеге алданған

Семей қ. ПБ Затон полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 44 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, ағымдағы жылдың 5-25 сәуір аралығында бейтаныс қыз оны алдап, сеніміне кіру арқылы оның 560 000 теңге көлемінде ақша қаражатын иемденіп кеткені туралы шағымданды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 33 жастағы қызды анықтады, және оны ұстау шаралары қабылданды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі