
Ағымдағы жылдың 23 мамырында Көкпекті ауданының полиция қызметкерлері Көкпекті ауылында 35 жастағы ер адамның басқаруымен тіркеу нөмірі жоқ мотоциклді тоқтатқан. Тексеру барысында мотоцикл жүргізушісінде тиісті құжаттар болмаған және азаматтан алкогольдің өткір ерекше иісі шыққан. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес құқық бұзушыда алкогольдік масаңдықтың орташа деңгейі анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігіне сәйкес (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама толтырылды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі