ШҚО полицейлері «қос азаматтығы» бар ер адамды анықтады

ШҚО полицейлері «қос азаматтығы» бар ер адамды анықтады

ШҚО полицейлері «қос азаматтығы» бар ер адамды анықтады

ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы «қос азаматтық» фактісін анықтау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 15 мамырында күні Семей қ. ПБ көші-қон қызметінің қызметкерлері қос елдің азаматтығы бар 64 жастағы азаматты ұстады. Ол Ресей Федерациясының азаматы бола тұра, мемлекеттік шекараны кесіп өтерде, Қазақстан Республикасы азаматының жеке бас куәлігін қолданған.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың жеке бас куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды.

Қаскөй қазақстандық құжаттарды қолданғаны үшін, ағымдағы жылдың 20-мамыр күні ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК көлеміндегі (291.700теңге) айыппұл салынды.

64 жастағы ер азамат Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығарылды.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі