
Зейнеткерден 100 килограмм металл ұрланған
Ағымдағы жылдың 05 мамырында Семей қ. ПБ Затон ПБ «102» жедел арнасына 66 жастағы зейнеткер хабарласып, 2021 жылдың 04-05 мамыр аралығында белгісіз тұлғалар аулаға кіріп, жалпы салмағы шамамен 100 кг металл заттарды (металл құбырлардың қиындылары, бұрыштар, түрлі металдар) ұрлап кеткенін хабарлаған.
Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 54 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, заттай дәлелдемелерді қайтарып берді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі