ШҚО-да көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

ШҚО-да көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

ШҚО-да көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде сағат 22:30 шамасында Бородулиха ауданындағы «Бородулиха-Жезкент» автожолымен көлік басқарып келе жатқан 30 жастағы жүргізуші 40 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша-көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соғу фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

ЖКО-ның негізгі себептері жүргізушілердің көлік құралдарын жүргізу мәдениетінің төмендігі, жол қозғалысына қатысушылардың жылдамдық режимін асыра пайдаланғаны, көлік құралын басқару кезінде телефонды не радиостанцияны пайдаланғаны, қарсы жолаққа шығу, маневр жасау қағидаларын және жол қиылыстарынан өту кезектілігін бұзғаны болып табылады. Сондай-ақ, жолды дұрыс емес жерде кесіп өтетін және өту кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбейтін жаяу жүргіншілердің өздері жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол береді.

ЖКО-ға жол бермеу және жақындары мен туыстарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ШҚО Полиция департаменті әрбір азаматқа жолда мұқият болуды және жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертеді.

                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі