
Қару сақтауға бей-жай қараған 200-ден астам азамат анықталды
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті қару иелерінің тұрғылықты жері бойынша азаматтық қарудың сақталуына ерекше назар аударады.
Әр дүйсенбі және бейсенбі күндері арнайы оқу орталықтарында ПД Әкімшілік полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлері қаруды тіркеу мәселесі бойынша қару иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарына қарамастан, жыл басынан бері қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 201 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қаруды тіркеу ережелерін бұзғаны үшін 153 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осыған байланысты, ШҚО Полиция департаменті қару иелерінен қаруды сақтау және қайта тіркеу шарттарының барлық заңмен белгіленген ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Қаруды рұқсат берілген мақсатта пайдалануға, қару мен оның патрондарын заңмен белгіленген тәртіпте сақтауға, қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті екендерін естеріңізге салады.
Сондай-ақ, елді-мекеннен шыққан кезде немесе тұрғын үйді ұзақ мерзімге қалдырған жағдайда (іссапар, демалыс, оқу, емделу және т.б.) қару-жарақты аумақтық ішкі істер органдарына уақытша сақтауға тапсыруға болады.
Қару мен оның патрондары еденге немесе қабырғаға мықтап бекітілген, қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3 мм және есіктегі ішкі құлпы бар металл шкафта (сейфте) сақталуы, сондай-ақ сигнализациямен жабдықталуы тиіс екендігін қару иелерінің естеріне саламыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі