Тас жолдағы оқыс оқиға

Тас жолдағы оқыс оқиға

Тас жолдағы оқыс оқиға

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде шамамен сағат 20.00-де 43 жастағы автокөлік жүргізушісі Катонқарағай ауданының «Өскемен-Рахман қайнарлары» жолымен келе жатып, қауіпсіздік жылдамдығын сақтай алмай ұзақ бұрылыста рульді басқара алмай жол жиегіне шығып кетіп кюветке аударылған.

ЖКО нәтижесінде алған дене жарақаттарынан 24 жастағы көлік жолаушысы Катонқарағай ауданының ауруханасында қайтыс болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі– абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлік құралын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізідуде, бір қатар сот сараптама тағайындалды, нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Анықтама: Жол көлік оқиғаларының басты себебі жүргізушілердің көлік құралын жүргізуде мәдениетінің төменділігі, жылдамдық режимін жоғарлатудан көрінген адамдардың ЖЖҚ бұзуы, көлік құралын басқарып келе жатып телефонды немесе радиостанцияны пайдалануы, қарсы жолға шығып кетуі, маневрирлеу және қилыстардан өту кезектілігі қағидаларын бұзулары болып табылады.

ЖКО жол бермеу және жақындары мен туыстарының өмірлері мен денсаулықтарын сақтау мақсатында, әр азамат жол жүрісі қағидаларын сақтаулары қажет.  

                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі