
ЖШС аумағынан 3,5 тоннадан астам металл ұрланды
Сәуір айының соңында Жарма аудандық полиция бөліміне ауданда орналасқан ЖШС бірінің директорынан арыз келіп түсті. Ол белгісіз тұлғалар күзетілетін аумақтан 3400 кг.металл сынықтарын ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 312 800 теңгені құрады.
Жедел-тергеу тобының қызметкерлері «жедел ізге түсумен» 26, 28 және 48 жастағы үш ер адамды анықтап жеткізді. Тергеу барысында олардың біреуі бұрын сотталғаны анықталды. Жауап алу барысында күдіктілер кінәларын мойындады. Іс бойынша металл сынықтары алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі